Жаттығу алаңында мерекелік атмосфера қалыптастыруға ұмтыламыз. Біздің жаттықтырушылар балаларға айқайламайды. Біз қателік үшін жазаламаймыз.

«Искра» жаттығуына келген әр бала достық ортаны сезіне алады. Онымен қоса, кез-келген жағдайда атаулы жоба спорттық нәтижені талап етпейді - біз футбол ойнауды және осы ойыннан ләззат алуды үйретеміз.
ҚАУІПСІЗДІК
Біздің жаттығуға ұл және қыз бала да қатыса алады. Бізге балалардың қай әлеуметтік деңгейде екені, қандай ұлттан шыққаны және олардың даму ерекшелігінің бар-жоғы маңызды емес.

Адамдарды қандай да бір белгілер бойынша бөлу басқалардан өзгеше болу қорқынышын тудырады. Біз жалпыны бірдей қабылдауға үйретеміз және қоршаған ортаға оны жеткізуге ұмтыламыз.
АШЫҚТЫҚ
Жаттығудағы ең маңызды нәрсе - бұл жай ғана жаттығу емес, ойыннан ләззат алу.

Балалар біздің жаттығуға қуана келіп және жаттығу уақытын мүлдем өткізбейтін мінез қалыптастыруды қалаймыз.

Егер олар кәсіби футболшы болғысы келмесе де, спортты жақсы көру және болашақта оған деген қызығушылықты сақтау маңызды.
КӨҢІЛДІ ОРТА
Кез келген дағды өздігінен келмейтінін түсіну маңызды. Біз балаларға жұмыс, жаттығу жасамай және табандылық танытпай еш нәтиженің болмайтынын түсіндіреміз

Біз өз бетінше шешім қабылдауды үйретіп, жауапкершіліктен қорықпаудың маңызды екенін айтамыз.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Біз балаларды бір-бірімен салыстырмаймыз. Әр баланың өз ерекшелігі бар. Біздің жаттықтырушы әр баланың ебін табуға тырысады.

Ойындағы және өмірдегі шығармашылық қателіктен қорықпаған жағдайда ғана дамиды. Біз сәтсіз болған нәрсені талқылаймыз және оны қалай түзетуге болатынын бірге ойластырамыз, бірақ ешқашан балаларды бір-бірімен салыстырмаймыз. Біз үшін жиі қателескенің емес, сан рет талпынғаның маңызды.
ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМЫТУ
Біз үшін «Искра» мүшелері өздерін тек алаңда ғана емес, одан тыс жерлерде де команданың бір бөлігі ретінде сезінуі маңызды — айналасындағыларға мұқият болу, бір-біріне қолдау көрсету және құрдастарына үлгі болу.
БІРЛІК
2
3
4
5
6
1